Орталықтың құрылымы

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агентігінің  2009 жылғы 17 тамыздағы №65/ОД бұйрығы бойынша құрылды.

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС 2009 жылғы 23 желтоқсанда тіркеуден өтті. «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС-нің бірден-бір құрылтайшысы - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады.

Зерттеудің (қызметтің) негізгі бағыттары

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС-нің қызметінің негізгі бағыттары: ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметтер, ғарыштық техника және технологиялар жасау бойынша ғылыми - технологиялық қамтамасыз ету саласында іргелі, іздестіру және қолданбалы зерттеулер жүргізу; Институт қызметтерінің бағытына жататын математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық, бағдарламалық -   техникалық және ақпараттық – технологиялық, геоақпараттық жүйе әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар жүргізу; ғарыштық кешендерді және олардың бөлшектерін басқару және моделдеу жүйесін, жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің қосалқы  жүйесін, ақпараттық жүйені және радиобайланыс жүйесін пайдалану және монтаждау, іске қосып реттейтін жұмыстарды жүргізу; ғарыштық техника және оның құрамдас бөліктерінің ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламент пен стандарттарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін бағалау мен сынау; техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу, жобалық – конструкторлық, зерттеу жұмыстарын нормативтік, әдістемелік, метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

   Ғарыштық техника және технологияларды құруда ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны дамытуды төмендегідей бағыттарда жүргізу жоспарлануда:

  • ғылыми мақсаттағы ғарыштық жүйелердің ақпараттарын өңдеу технологиялары мен бағдарламалық-математикалық жасақтамасын, аспаптардың, аппаратуралардың, тораптардың және микро-наноспутниктердің ішкі жүйелерінің эксперименталды үлгілері мен имитациялық моделдерін жасау;
  • динамикалық және статикалық нысандардың координаттарын жоғары дәлдікпен анықтау және оның қозғалысын мониторингтау үшін аппараттық-бағдарламалық кешендердің тәжірибелік үлгілері мен жоғары дәлдікті навигация құралдарының жерүсті және пайдаланушылық сегментінің бағдарламалық-математикалық жасақтамасын әзірлеу.

 «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС құрылымы:

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС –нің құрылымына бес зертхана кіреді:

1.  Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі зертханасы (зертхана меңгерушісі – тех.ғыл.канд., доцент Александр Сергеевич Инчин).

Зерттеу бағыты -  ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі (ҒБҒЖ) ақпаратын өңдеу технологиясы және ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету: ғылыми бағыттағы ғарыш аппаратына (ҒА) арналған ғылыми және қолданбалы міндеттер қалыптастыру, Жердің электрмагниттік өрісі параметрлерін, ионосфералық плазманы, радиация ағындары мен ғарыш сәулелерін ҒА –ға тіркеу үшін ғылыми борттық аппаратурасына талаптар белгілеу, ҒА ғылыми борттық аппаратурасының сандық моделі мен эксперименттік үлгісін жасау, түрлі жер бетіндегі және ғарыштық дерекнамалардан, оның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып табылатын жер сілкіністерінен (территорияның едәуір бөлігі сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан) ионосфералық әсерлерді анықтау үшін ғылыми бағыттағы ҒА ақпараттарын өңдеу  мен талдау әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу.

2.  Ғарыш жүйесін әзірлеу және имитациялық моделдеу зертханасы (зертхана меңгерушісі - Сулеймен Актлеуович Елубаев).

Зерттеу бағыты –  әртүрлі бағыттағы ҒА басқару жүйесін имитациялық моделдеу және бағдарламалық – математикалық қамтамасыз етуін, жер маңайындағы орбитада ғарыш аппаратын бағдарлау әдісін, ғарыш аппараттарының имитациялық моделдерін және математикалық қамтамасыз етуін  әзірлеу, ғарыштық техника және технологиялардың эксперименттік және тәжірибелік үлгілерін жасау.

3. Спутниктік навигациялық технологиялар зертханасы (зертхана меңгерушісі – Нурлан Болаткаримович Богуспаев).

Зерттеу бағыты – әртүрлі қосымшаға арналған жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің  бағдарламалық - математикалық және техникалық қамтамасыз етуін әзірлеу, дифференциалды коррекция жүйесінің техникалық қамтамасыз етуін жасау, әртүрлі салалық міндеттер үшін бағдарламалық - техникалық навигациялық кешендер әзірлеу.

4.  Ғарыштық ақпараттық технологиялар  зертханасы (зертхана меңгерушісі - Денис Иванович Ерёмин).

Зерттеу бағыты – Қазақстан Республикасындағы ғарыштық техниканың дамуын болжамдау және кешендік талдау бойынша ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу, ұтқыр ғарыш байланысы және серіктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесінің ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу, конструкторлық - жобалау қызметі, математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету,  бағдарламалық -   техникалық, технологиялық және ақпараттық жүйе  әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар  жүргізу.

5.  Перспективалық әзірлемелер зертханасы (зертхана меңгерушісі - Нурлан Махсотович Сатеров).

Зерттеу бағыты – математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету,  бағдарламалық -   техникалық, технологиялық және ақпараттық жүйелерін әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар  жүргізу, ақпараттық жүйені және радиобайланыс жүйесін, жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің қосалқы  жүйесін пайдалану және монтаждау, іске қосып реттейтін жұмыстар жүргізу.

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС кадрлар құрамы:

Барлығы – 87 адам, оның ішінде  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындайтын  қызметкер саны  67, оның 2 ғылым докторы  (оның 1-уі ҚР ҰҒА академигі), 8 ғылыми кандидаты, 3  PhD докторы, 16 магистр (оның 4-уі қазір оқып жүрген магистр), 27 инженерлік – техникалық қызметкерлер.

 

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС басшылығы:

  • Директор – техн. ғыл. докторы Даулет Шафигуллович Ахмедов.
  • Директордың бірінші орынбасары - Нурлан Махсотович Сатеров.
  • Ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары – техн.ғыл.канд., доцент  Александр Сергеевич Инчин.
  • Ғылыми хатшы – физ.-мат.ғыл. канд. Бахыткуль Куттымуратовна Алиева.

 

Институттың іргелі және қолданбалы зерттеулері

I. 2008 жылы:

2008 жылы 002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 3 жоба іске асырылды:

- «Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі (ҒБҒЖ) ақпараттарын өңдеу технологиясы және ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Қазақстан Республикасында ғарыштық техниканы дамыту бойынша ғылыми жүйелі зерттеулер жүргізу»;

- «Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу мәселелері бойынша нормативтік актілер қорын құру, техникалық регламент және стандарттар әзірлеу. Ғарыштық техника нысандарының сәйкестігін растау үшін схема және нормативтік – әдістемелік  қамтамасыз етуін әзірлеу».

II. 2009-2011 жылдары:

1)  002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 5 жоба іске асырылды:

- «Жоғары дәлдікті серіктік навигациялық жүйенің жерүсті және пайдаланушылық  сегментіне бағдарламалық- математикалық қамтамасыз ету әзірлеу»;

- «ҒА басқару жүйесінің имитациялық моделін және бағдарламалық – математикалық қамтамасыз етуін әзірлеу және оларды ғарыш жүйесін имитациялық моделдеу жүйесіне интеграциялау»;

- «Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі ақпараттарын өңдеу технологиясы мен ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Қазақстан Республикасындағы ғарыш техникасының (ҒТ) дамуын болжамдау және кешендік талдаудың ғылыми – әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу жүйесін ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу».

2) «Қашық және жақын ғарыштағы нысандар мен жүйелерді зерттеу, Жерді ғарыштан зерттеу, ғарыштық технологиялардың ғылыми негіздерін дамыту» іргелі зерттеу бағдарламасы шеңберінде «Ғарыштық технологиялар мен материалдардың теориялық негіздерін дамыту» бағыты бойынша келесі ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) орындалды:

-  «Серіктік навигациялық жүйе сигналдарын пайдалана отырып, ғарыш аппараттарының орналасуын жоғары дәлдікпен анықтау әдісін әзірлеу» ҒЗЖ.

 

III.  2012-2014 жылдары:

1) 002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 6 жоба орындалды:

-  «Ұтқыр ғарыш байланысы және серіктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесінің  ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Ғылыми-технологиялық  ғарыш аппаратының мақсатты жабдығын құру, сынау және пайдалану бойынша технологиялық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Спутниктік навигациялық технологиялар мен лазерлік қашықтықты өлшегішті қолдана отырып,  3D  ірі көлемдегі моделдерді құру  әдісі мен технологиясын жасау».

- «Микросеріктің қозғалысын басқару мен навигация жүйесінің математикалық қамтамасыз етуі мен имитациялық моделін әзірлеу»;

- Ғарыш аппараттарына арналған жұлдыз датчигіне математикалық қамтамасыз етуі мен имитациялық моделін әзірлеу»;

- Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу (бағалау және сәйкестікті растау) үдерістеріне  ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу».

2) Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрлігі Ғылым комитетінің тапсырмасы бойынша 055 «Ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызмет» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 ғылыми – зерттеу жұмыстары орындалып жатыр:

- «Энергетика» басымдығы бойынша:

«Деректерді серіктік тасымалдау жүйесіне арналған қуатпен қамтудың дербес жүйе бөліктерін әзірлеу» тақырыбы бойынша;

- «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» басымдығы бойынша:

«Серіктік навигация құралдары арқылы нысандарының жоғары дәлдікті кеңістіктік бағдарлау тапсырмаларын шешуге  бағдарламалық – математикалық қамтамасыз етуін әзірлеу» тақырыбы бойынша:

3)  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелдік зерттеулер бойынша «Қауіпті жүктерді тасымалдауының серіктік бақылау жүйесін әзірлеу» жобасы бойынша инновациялық грант (орындау мерзімі: 2012 жылдың ақпаны  - 2014 жылдың қаңтары).

 

ІV.2015-2017 жылдары:

1) 008 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 4 жоба орындалып жатыр:

- «Наноспутникті басқарудың  борттық кешендерінің эсперименталды үлгілерінің бағдарламалық-математикалық жасақтамасын әзірлеу»;

- «Ғарыш аппараттарына арналған жұлдық датчигінің тәжірибелік үлгісі мен бағдарламалық-математикалық жасақтамасын әзірлеу»;

- «Жердің төменгі орбиталы спутниктерін пайдалану арқылы жерүсті радиоэлектронды құралдардың сәулелену сиапттамасын зерттеу»;

- «Ғарыш аппараттарында және оның функционалық қосымшаларында қолдану үшін ғаламдық спутниктік навигациялық жүйелердің  радиосигналдарын өңдеу модулінің эксперименттік үлгілерін жасау»;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша «Ғылымды дамыту» 217 бюджеттік бағдарламасының «Ғылыми зерттеулерді грантты қаржыландыру» 102 ішкі бағдарламасы бойынша 1 ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалуда:

- «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» басымдылығы бойынша

«Атмосфералық-литосфералық байланыстарды зерттеу және найзағай пеленгілеу үшін электромагниттік өлшемдер жүйесін жасау» № 0100/ГФ4 тақырыбы бойынша.

 

2010-2016 ж. орындалған шаруашылық келісімшарттардың жобалары:

1.  Бір жиілікті навигациялық қабылдағыштарды қолдана отырып, нысандардың орналасуын  жоғары дәлдікпен анықтау әдісін жасау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС.

2. 020 «2012 жылға дейінгі ТМД елдері-қатысушыларының Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы» бағдарламасы бойынша радионавигациялық ақпаратты Қазақстан Республикасындағы әртүрлі топтағы тұтынушылардың мүддесіне пайдалануды айқындайтын тұжырымдама әзірлеу бойынша іс-шараларды орындау жөніндегі Келісімшарт,  тапсырыс беруші – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ).

3. Ғарыш аппаратының орталық масса қозғалысын имитациялық моделдеу жүйесінің бағдарламасын жеткізу туралы Келісімшарт,  тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ.

4.  11 (он бір) дана навигациялық кешендер дайындау және жасау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Гранит» арнайы конструкторлық – технологиялық бюро» ЖШС

5. «Ғылыми- технологиялық  бағыттағы ғарыш жүйесін жасау» жобасының техника- экономикалық негіздемесін, атап айтқанда, ғылыми блок  жасаумен байланысты зерттеулер жүргізу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «ҰҒЗТО» АҚ.

6.  Қызылорда облысы, Арал ауданы «Бердікөл – Арал учаскесінде Арал – Сарыбұлақ топтық су құбырын қалпына келтіру» РК (А учаскесі 433+45  ПК –ден 601+03 ПК-ге дейін және Б учаскесі  722+03 ПК –ден  1127+44 ПК-ге дейін)  су есептеу бекеттерінен (деректерді тасымалдау қосалқы жүйесі) ОДБ – не деректерді тасымалдау аппаратураларын жобалау бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Су-метр-компьютеризация» ЖШС.

7.  «Қазақстан Республикасында дәлдігі жоғары серіктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы шеңберінде «Дифференциалды станция және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу» тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды орындау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «ҰҒЗТО» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компания» АҚ.

8. 020 «2012 жылға дейінгі ТМД елдері-қатысушыларының Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы» бағдарламасы бойынша радионавигациялық ақпаратты Қазақстан Республикасындағы әртүрлі топтағы тұтынушылардың мүддесіне пайдалануды айқындайтын тұжырымдама әзірлеу бойынша іс-шараларды орындау жөніндегі Келісімшарт,  тапсырыс беруші –«ҰҒЗТО» АҚ.

9. Ашық тау-кен жұмыстарын диспетчерлеу жүйесінің жылжымалы нысандар мониторингі борттық кешенінің эксперименттік үлгісін жасау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – ҚР ИА «Жаңа технологиялар институты» ЖШС.

10. Графикалық процессорлар негізінде кластерлік гибридтік есептеу жүйесінің эскперименттік үлгісін жасау бойынша Келісімшарт, тапсырыс беруші -  «ҚР Ұлттық инженерлік академия» РҚҚ.

11. Графикалық процессорлар негізінде FullTower форм-фактордағы дербес  гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасау бойынша Келісімшарт, тапсырыс беруші-  «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ

12. Графикалық процессорлар негізінде FullTower форм-фактордағы дербес  гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік - өнеркәсіптік үлгісін жасау бойынша Келісімшарт, тапсырыс беруші-  «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ.

13. «Күн датчигінің түптұлғасы» зертханалық стендісін жасау және орнату жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ.

14. «Бір білікті микросеріктік бағдарлау жүйесі» зертханалық стендісін жасау және орнату жөніндегі келісімшарт, тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті » коммерциялық емес АҚ.

15. Жұлдыз датчигінің оптикалық бастиегінің негізгі параметрлерін есептеу бағдарламалық жүйесін жеткізу жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ

16 Жердің магнитті өрісінде ғарыш аппаратының тұрақтануы мен бағдарлауын имитациялық модельдеу бағдарламалық жүйесін жеткізу жөніндегі Келісімшарт,  тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ.

17. Қазақстан Республикасының жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесіне арналған 50 дифференциалды станция дайындау жөніндегі жұмыстарды сатып алу жөніндегі мердігерлік Келісімшарт, тапсырыс беруші – «ҰҒЗТО» АҚ, «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ.

18. 13 дана навигациялық кешендер мен 2 дана навигациялық кешендердің модернизациясын жасау бойынша Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Гранит» арнайы конструкторлық – технологиялық бюро» ЖШС.

19.  Деректерді жинау және тасымалдау терминалын жеткізу жөніндегі Келісімшарттар, тапсырыс беруші - «Взлёт-Казахстан»  Өндірістік фирма» ЖШС.

20. УҚТ бойынша жылжымалы нысандар мониторингі борттық кешенінің эксперименттік үлгісін және техникалық жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды орындауға  Келісімшарт, тапсырыс беруші – ҚР ИА «Жаңа технологиялар институты» ЖШС.

21. Графикалық процессорлар негізінде параллельді есептеуді орындауға арналған  бағдарламалық – техникалық кешендерді (ПЕБТК) ретке келтіру және жинақтау бойынша жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС.

22. Графикалық процессорлар негізінде есептегіш blade-модулімен дербес гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасауға техникалық жұмыс құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші - «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ.

23. Графикалық процессорлар негізінде кластерлік гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасауға техникалық жұмыс құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші - «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ.

24. Графикалық процессорлар негізінде есептегіш blade-модулімен дербес гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасауға  конструкторлық – технологиялық  құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші - «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ.

25. Графикалық процессорлар негізінде дербес гибридтік есептеу жүйесін әзірлеу мен жеткізуге Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Фактор» жүйелі зерттеу компаниясы» ЖШС.

26. Геодезиялық классты жоғары дәлдікті тұтынушылардың навигациялық аппаратураларын әзірлеу бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ.

27. Спутниктік навигациялық аппаратуралардың тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ.

28. Ғылыми мақсаттағы ғарыштық жүйелер құру жөніндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Ғалам» ЖШС.

29. Жұлдыз датчигінің зертханалық стендісін әзірлеуге Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ.

30. CAN басқару торабы үшін бағдарламалық жасақтамасын жасау бойынша қызметтер көрсетуге  Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Ғалам» ЖШС.

31. Көлік мониторинг жүйесіне қызмет көрсету бойынша қызметтерге Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Арыстан»Қызметі» ММ.

32. Деректерді жинау және тасымалдауға арналған жабдықтарды жеткізу жөнінде Келісімшарт, тапсырыс беруші- «Алматы жылу желісі» ЖШС.

33. Университеттік наноспутникті және оның жерүсті сигментін бөлшектеп жобалау жөніндегі жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші- «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» ДМК, «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті» РММ.

34. ГЛОНАСС/GPS, UMTS/GSM технологиялары негізіндегі Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесінің деректерін өңдеу орталығының бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу бойынша қызметтерді орындау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті.

35. Жабдықтарға кызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Арыстан»Қызметі» ММ.

 

2017 жылы шаруашылық келісімшарттардың жобалары орындалып жатыр:

1. Ғылыми мақсаттағы ғарыштық жүйелер құру жөніндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға Келісім. тапсырыс беруші – «Ғалам» ЖШС.

2.  Жабдықтарға кызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға Келісім, тапсырыс беруші – ҚР ҰҚК «А» АБҚ.

3. ГЛОНАСС/GPS, UMTS/GSM технологиялары негізіндегі Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін құру бойынша қызметтерді орындау жөніндегі Келісім, тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті.

 

Ғарыштық техниканың эксперименттік және тәжірибелік үлгілері жасалды:

 

Қазғарыштың  Стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторларына сәйкес келесі әзірленді:

- ірі көлемдегі жерүсті нысандарының 3D моделін жасау бағдарламалық-техникалық кешені инерциялық қосалқы жүйесінің эксперименттік үлгісі (2012 ж.);

- микросеріктің қозғалысын басқару және навигация жүйесінің бағдарлау датчиктерінің деректерін тазалауға бағдарламалық – математикалық қамтамасыз ету (2012 ж.);

- жылуды, ыстық және суық суды тұтынудың есебін жүргізу бойынша шығын есептегіштен деректерді жинау және тасымалдауға арналған «Взлёт-Казахстан»  Өндірістік фирма» ЖШС-не орнатылған Orbcomm ұтқыр ғарыштық байланыс және серіктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесі (2012 ж.).

- ірі көлемді жерүсті нысандардың 3D моделін құру бағдарламалық-техникалық кешендердің лазерлік қашықтықтан өлшеу ішкі жүйесі (2013 ж.).

-микроспутниктің навигация және қозғалысын басқару жүйесінің негізгі компоненттерінің эксперименттік үлгілері (инерциалы атқарушы орган- сермер, магнитті датчик, электромагнитті атқарушы орган) (2013 ж.).

- GlobalStar, Inmarsat ұялы ғарыштық байланыстар мен спутниктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесі терминалының эксперименттік үлгісі (2013 ж.).

- ірі көлемді жерүсті нысандардың 3D моделін құру бағдарламалық-техникалық кешенінің тәжірибелік үлгісі (2014 ж.).

- GlobalStar, Inmarsat ұялы ғарыштық байланыстар мен спутниктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесі терминалының тәжірибелік үлгісі (2014 ж.).

- ғылыми-технологиялық ғарыштық аппараттардың ғылыми жабдықтамасының эксперименттік үлгісі (2014 ж.).

 

Алынған патенттер:

1. Молдабеков М.М., Ахмедов Д.Ш., Шабельников Е.А. Дифференциалды коррекцияның бір жиілікті ұтқыр қабылдағышы. / Патент № 860 ҚР. өтініш берілген күн: 05.07.2011, жарияланған күн: 14.09.2012.бюл.9.

2. Молдабеков М.М., Ахмедов Д.Ш., Шабельников Е.А. Дифференциалды коррекциясының жергілікті жүйесі. / Патент № 837 ҚР. өтініш берілген күн: 12.07.2011, жарияланған күн: 15.08.2012, бюл. 8.

3. Ерёмин Д.И., Ахмедов Д.Ш., Иванов И.М., Коваль О.В., Понятов Ю.А., Торчик В.В. Orbcomm жерсеріктік байланыстың мобильді терминалы. / Патент  №1084 ҚР. өтініш берілген күн: 18.04.2013, жарияланған күн: 17.03.2014, бюл. №3.

4. Ерёмин Д.И., Ахмедов Д.Ш., Иванов И.М., Коваль О.В., Понятов Ю.А., Торчик В.В.. Деректерді берудің мобильді жерсеріктік терминалы. / Патент №1110 ҚР. өтініш берілген күн: 26.09.2013, жарияланған күн: 15.05.2014, бюл. №5.

5. Алипбаев К.А., Ахмедов Д.Ш., Бопеев Т.М., Елубаев С.А., Молдабеков М.М., Сухенко А.С., Шамро А.В.  Жұлдыз датчигінің оптикалық жүйесінің объективі. / Патент №1159 ҚР. өтініш берілген күн: 28.11.2013, жарияланған күн:15.09.2014, бюл. №9.

6. Ерёмин Д.И., Ахмедов Д.Ш., Иванов И.М., Коваль О.В., Понятов Ю.А., Торчик В.В.  Деректерді жинау мен жерсерік арқылы берудің автономды станциясы. / Патент №1190 ҚР. өтініш берілген күн: 09.12.2013, жарияланған күн:17.11.2014, бюл. №11.

7. Абдолдина Ф.Н., Ахмедов Д.Ш., Бопеев Т.М., Елубаев С.А., Муратов Д.М.   Сұйықтық суыту жүйесімен графикалық процессорлар негізінде дербес гибридтік есептеуіш жүйесі. / Патент №1220 ҚР. өтініш берілген күн: 02.04.2014, жарияланған күн:25.12.2014, бюл. №12.

8. Абдолдина Ф.Н., Ахмедов Д.Ш., Бопеев Т.М., Данаев Н.Т., Елубаев С.А., Жунусов Т.Т., Муратов Д.М. Графикалық процессорлар негізіндегі дербес гибридті есептеуіш жүйесі. / Патент №1241 ҚР. өтініш берілген күн: 02.04.2014, жарияланған  күн:16.03.2015, бюл. №3.

9. Ахмедов Д.Ш., Донец С.К., Конысбаев Е.К., Молдабеков М.М., Шабельников Е.А. Көлік құралдарын бақылау және ААШШ автоматтандырылған жүйесі. / Патент №1395  ҚР. өтініш берілген күн:  30.03.2015, жарияланған күн: 15.02.2016, бюл. №2.

10. Алипбаев К.А., Ахмедов Д.Ш., Байсеркенов М.Н., Бопеев Т.М., Елубаев С.А., Михайленко Д.Л., Молдабеков М.М., Сухенко А.С., Шамро В.В. Жұлдық датчигінің блендасы. / Патент №1521 ҚР. өтініш берілген күн: 21.10.2015, жарияланған күн: 30.06.2016, бюл. №6 б.

11. Алипбаев К.А., Ахмедов Д.Ш., Байсеркенов М.Н., Бопеев Т.М., Елубаев С.А., Михайленко Д.Л., Молдабеков М.М., Сухенко А.С., Шамро В.В. Жұлдыз датчигінің сынақ стендіне арналған коллиматор объективі. /Патент №1520 ҚР. өтініш берілген күн: 21.10.2015, жарияланған күн: 30.06.2016, бюл. №6 б.

12. Алипбаев К.А., Ахмедов Д.Ш., Байсеркенов М.Н., Бопеев Т.М., Елубаев С.А., Михайленко Д.Л., Молдабеков М.М., Сухенко А.С., Шамро В.В. Жұлдық датчигінің сынау стенді. / Патент №1512 ҚР. өтініш берілген күн: 21.10.2015, жарияланған күн 30.06.2016, бюл. №6 б.

 

Зияткерлік меншік құқығына алынған авторлық куәліктер:

1. А.с. №1584 ҚР. ВС 0005711. Орбитада спутниктің қозғалысын моделдеу бағдарламасы (ТРАССА-ОМИР) (ЭЕМ-нің бағдарламасы) / А.С.Инчин, Ю.Р.Шпади, А.Ю.Лозбин, М.Ю. Шпади (РК). – өтініш:10.10.2010ж; жарияланды 20.10.2010ж

2. А.с. №1583 ҚР. ВС 0005710. Сигналдарды өңдеу бағдарламалық жүйесі (СОС-ОМИР) (ЭЕМ-нің бағдарламасы) / А.С.Инчин, Ю.Р.Шпади, А.Ю.Лозбин, М.Ю. Шпади (РК). – өтініш: 10.10.2010ж; жарияланды 20.10.2010ж.

3. А.с. №1585 ҚР. ВС 0005712. “DeSS” спектрограмма құрылымына арналған бағдарлама  ((ЭЕМ-нің бағдарламасы) / А.С.Инчин, Ю.Р.Шпади, А.Ю.Лозбин, М.Ю. Шпади (РК). –өтініш: 10.10.2010ж.; жарияланды 20.10.2010ж.

4. А.с. №1733 ҚР. ИС 0013079. Жер маңындағы кеңістік жағдайына радиотұтылу мониторинг жүргізу үшін бағдарламалық кешен (ЭЕМ-нің бағдарламасы) / А.С.Инчин, П.А.Инчин, М.Ю.Шпади, Г.М.Аязбаев, А.Ю.Лозбин (РК). – өтініш. 26.05.14; жарияланды 08.09.14.

5. А.с. №1281 ҚР. ИС 004937. “Lightning Solver” – найзағай разрядының орналасқан жерін есептеу бағдарламасы (ЭЕМ-нің бағдарламасы) / Инчин А.С., Шпади Ю.Р., Лозбин А.Ю. – өтініш 31.05.2016; жарияланды 27.06.2016 г.

6. А.с. №279 ҚР. ИС 007380. “KLDN” найзағай пеленгілеуге арналған бағдарлама (ЭЕМ-нің бағдарламасы) / Лозбин А.Ю., Шпади М.Ю., Быкаев Р.Ж., Майлибаева Л.И. – өтініш. 24.01.2017; жарияланды 15.02.2017 г.

7. А.с. №81936 ҚР. Orbcomm спутниктік байланыстың мобильді терминалы/ Иванов И.М. (ҚР) – өтініш: 18.04.13; жарияланды: 17.03.14.

8. А.с. №81937 Orbcomm спутниктік байланыстың мобильді терминалы / Коваль О.В. (ҚР) – өтініш: 18.04.13; жарияланды: 17.03.14.

9. А.с. №81938 Orbcomm спутниктік байланыстың мобильді терминалы/ Понятов Ю.А. (ҚР) –өтініш: 18.04.13; жарияланды: 17.03.14.

10. А.с. №81939 Orbcomm спутниктік байланыстың мобильді терминалы/ Торчик В.В. (ҚР) – өтініш 18.04.13; жарияланды: 17.03.14.

11. А.с. №82656 ҚР. Деректерді тасымалдаудың мобильді спутниктік терминалы / Иванов И.М. (ҚР) – өтініш: 26.09.13; жарияланды: 15.05.14.

12. А.с. №82657 ҚР. Деректерді тасымалдаудың мобильді спутниктік терминалы / Коваль О.В. (ҚР) – өтініш: 26.09.13; жарияланды: 15.05.14.

13. А.с. №82658 ҚР. Деректерді тасымалдаудың мобильді спутниктік терминалы / Понятов Ю.А. (ҚР) – өтініш: 26.09.13; жарияланды: 15.05.14.

14. А.с. №82659 ҚР. Деректерді тасымалдаудың мобильді спутниктік терминалы / Торчик В.В. (ҚР) – өтініш: 26.09.13; жарияланды: 15.05.14.

 

Сертификаттар:

1.  2017 жылғы 05 қаңтарда  сериясы МК № 004898 аккредитация туралы куәлік алынды: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 - бабына сәйкес «ҒТТИ» ЕЖШС ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген.

2.  Сапа менеджмент жүйесін  ғарыштық техника және технология саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметтерін іске асыруға қолданатындығын куәландыратын сәйкестік сертификаты алынды және оның ҚР экономикасы салаларында қолданылуы «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар»  СТ РК ИСО 9001-2009 (стандарттың 7.3-тармағын қоспағанда)   талаптарына сәйкестендірілген. Сертификат 24.07.2015ж. №  №KZ.7500947.07.03.00080 берілді.