Жаңалықтар

10 желтоқсан 2013

Бүгінгі таңда Қазақстан «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамына шоғырланған бірегей ғылыми-технологиялық базаға және кадрлардың ғылыми әлеуетіне ие. 2013 жылы «ҰҒЗТО» АҚ 19 жоба және 25 грант бойынша жұмыстар жүргізді, және қазақстандық ғалымдар осы бағытта аса маңызды нәтижелерге қол жеткізді.

Орталық құрамына төрт институт кіреді: В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты, Ионосфера институты, Ғарыштық техника мен технологиялар институты, Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты.

Институттар өзінің қызметін мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырады.

В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты қолданбалы және іргелі зерттеулер саласында бірнеше маңызды жобаларды дамытуда, оның ішінде орбитальды телескоптар деректері негізінде ультракүлгін диапазонында астрофизикалық зерттеулер әдістерін әзірлеу есебінен және геостационарлық орбитада кіші көлемді жасанды объектілерді іздеу мен бақылау.

Биылғы жылы Тянь-Шань обсерваториясында орнатылған бір метрлік екі телескоп толық күшінде жұмыс істей бастады. Осы телескоптардың бірі өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты ұзақ уақыт тұрып қалғаннан кейін, үш жылдан соң, екіншісі – үстіміздегі жылы қайтадан пайдалануға берілді. Осы барлық кезеңдерде оларды техникалық жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мамандар Ассы-Түрген обсерваториясында орналасқан, ұзақ жылдар бойы жұмысы тоқтатылған  1,5-метрлік телескопты іске қосу үшін жұмыстар атқаруда.

Қазақстандық астрономдар жалпыәлемдік зерттеулерге үлкен үлес қосуда, себебі олардың бақылаулары Еуропа, Қытай және Жапония обсеваториялары қол жеткізе алмайтын аспан диапазонын қамтиды. Бас айнасының диаметрі 3,6 метрлік телескоп орнатылған жағдайда, біздің елімізге және қазақстандықтардың ғарыштық зерттеулеріне әлемдік астрономиялық қауымдастықтың үлкен қызығушылығын танытуы мүмкін, «ҰҒЗТО» АҚ және оның институттарының мамандары осы бағытта жұмыстар атқарып жатыр.

Қазақстан атқарып отырған міндеттердің тағы бірі – орбиталық телескоптармен жұмыс істеуге қатысу. Қазір біздің еліміз, Ресей және 9 елдің қатысуымен құрылып отырған «Ультракүлгін» Әлемдік ғарыштық обсерватория халықаралық жобаға қатысады.

Ионосфера институтының басым ғылыми бағыттары Қазақстан аумағы жер қыртысының жерүсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі, күн-жер физикасы және ғарыш ауа райын болжау болып табылады.

Геодинамикалық үрдістерді зерттеу жер қыртысының сейсмикалық белсенділігі мен қозғалысы сияқты төтенше жағдайларға бейім ауыспалы аумақтарға қатысты маңызды ақпараттар жинауға мүмкіндік береді.

Институт ғалымдары Каспий жағалауы аумағындағы геодинамикалық үрдістерді зерттеуде үлкен жұмыстар атқаруда. Мұнда көмірсутектерін өндіру және шикізатты өндіріп шығарғаннан кейін жер қыртысында пайда болатын шөгу мен тығыздану орындарында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Олардың қызметі саласына ғарыш ауа райын зерттеу (магнитті борандар, күн белсенділігі) және оның электронды аспаптарға, ғарыштық аппараттарға, сондай-ақ авиалайнерлер экипаждарына  және ауа рай өзгерісіне тәуелді адамдардың денсаулығын зерттеу де жатады.

Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институтының мамандары Қазақстан аумағын ғарыштық барлау бойынша үлкен жұмыстар кешенін жүргізуде – ол астық дақылдарының өнімділігін, ауруларын болжау, ылғал қорларын есепке алу, құрғақшылықтың даму мониторингі, суландыру жүйелерінің тұрақтылығы. Өрттердің жүруі бойынша әдістемелер дайындалды, ол олардың таралу  бағыттарын алдын ала  білуге және апатты болдырмау үшін қажетті шараларды дер кезінде қолдануға мүмкіндік береді.

Ғарыштық техника және технологиялар институтының маңызды жетісіктерінің бірі қазақстандық жоғары дәлдікті жер серігі навигациясы жүйесіне арналған жабдықтарды жеке өзі дайындауы. Қазірдің өзінде 50 дифференциалды түзету станциясы дайындалды және тапсырыс берушілерге жіберілді.

Институттардың қызметі бәсекелестік тұрғыда жүзеге асырылады. Қаржыландыру  «Ғылым туралы» Заңға сәйкес, ұтып алынуы тиіс гранттар негізінде жүргізіледі. Сондықтан, өндірістік-шаруашылық қызмет пен ұйымдық құрылым қазіргі заманғы шарттарға сәйкес келуі өте маңызды. Атап айтқанда, шаруашылық шарттарды жүзеге асыру бойынша көшбасшы болып отырған академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты еншілес ЖШС мәртебесінде. Бұл оның болашақ мүмкіндіктерін едәуір төмендетеді. Сондықтан, «ҰҒЗТО» АҚ Директорлар кеңесі «ҰҒЗТО» АҚ мен институтты «Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ біртұтас заңды тұлға ретінде қайта құру туралы шешім қабылдады.

Шын мәнінде, бұл институттың заңды мәртебесін  ЖШС-дан Акционерлік қоғамға дейін, ғылыми және ұйымдастыру-шаруашылық қызметті тікелей жүргізуге дейін көтеру болып табылады. Институттың құрылымдық бөлімдерінің мәртебесі, қызметкерлердің мәртебесі мен айлықақысы артады. Ғылыми және өндірістік персоналды қысқарту жүргізілмейді.

Жаңадан қайта құрылған құрылым ғарыш қызметі саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің барлық кешенін жалғастырады.