Жаңалықтар

16 шілде 2011
Байкоңыр  ғарыш айлағынан «KazSat-2» жер серігі сәтті ұшырылды. Ұшу барысын Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің өзі бақылады. Қазақстанның жер серігі орбитадағы жұмыс нүктесіне жету ушін, әлі бір ай уақыт керек. Аппарат жүйесі одан кейін тағы да екі ай бойы сынақтан өткізілетін болады. Ал, енді, бізге Қазсаттың берері не? Ғарыш агенттігінің мәлімдеуінше, егер жер серігіміз діттеген нүктесіне аман-сау жететін болса, Қазақстан,Орта Азия жане Ресейдің орталық бөлігі арзан, әрі сапалы интернетке қол жеткізеді.Сондай-ақ, телефон,телехабар тарату сияқты байланыс түрлеріне де зор пайдасын тигізбек.

ЕРҒАЗЫ НҰРҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- Білесіздер бұдан бұрынғы Қазсат-1 жер серігі сәттіздікке ұшырағаннан кейін, ұлттық операторлар шет ел қызметіне жүгінуге тура келді. Байланыс түрлері арзандайды. Өз жер серігіміздің болғаны біздің операторлар үшін де, халық үшін де тиімді.

Бірақ, Қазсат-2 де алғашқы спутниктің кебін киіп жүрмей ме? Алғашқы жер серігіміз ұшқанда, алақайлап куанғандардың бірі болып едік.. Ғаламтор бағасы арзандап, шалғай мекендердің бәрінде сымсызз байланыс орнатылады деген үміт те ішімізді жандырып еді. Алайда, сенген серігіміз қаңғып кетіп, 65 млн доллар ғарыштың «құрдымына» сіңіп жоғалған болатын.

ЕРҒАЗЫ НҰРҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- Бұл жолғы қатаң талаптар қойып отырмыз,.екіншіге  қосалқы бөлшектердің бәрі Францияда жасалды. Ұзақ жылдар бойы қызмет етеді деген сенімдеміз. 

Енді зымыран өз міндетін ойдағыдай атқарып шықса, жер серігі үш айдан соң қазақ операторларына тапсырылады. Бірақ, спутниктің басқару тізгіні Ресейліктердің қолында қала береді. Өйткені бізде қосалқы басқару орталығы жоқ.

ЕРҒАЗЫ НҰРҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- Қазіргі күні біз Ресейге жүгінуге мәжбүрміз. оларға тәуелдіміз. Өйткені Қазақстанның өзінде қосалқы басқару орталығы жоқ.

Ал, 2013 жылдың желтоқсан айында, «Қазсат-3» жерсерігін ұшыру жоспарлануда. Қазсаттың ғарыштағы ғұмыры ұзақ болсын.

Максат Толықбай, Татьяна Терюкалова, Данияр Жүсіпов, Байқоңыр. 

 http://www.31.kz/kz/video/document13826.phtml