Жаңалықтар

29 қыркүйек 2011
Қытай ғарыш кеңістігінде өз станциясына салуға дайындалып жүр. Осы бағдарлама аясында алдағы бірнеше күнде алғашқы ғарыш модулі ұшуы тиіс.

«Тянгун-1» деп аталатын, ал мағынасы «Аспан сарайы» дегенді білдіретін бұл модуль келешекте ғарыш станциясында қолданылатын техниканы сынау үшін ұшыртылады. Сонымен қатар, жақын арада Шэньчжоу-8 деп аталатын ғарыш кемесі де ұшырылады. Ол Ганьсу провинциясындағы ғарыш айлағында ұшуға дайын түр. 2003 жылы Қытай алғаш рет ғарышқа өз адамын ұшырып, Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін, ғарышкерлері бар кемелерді өз күшімен ғарышқа шығарған үшінші елге айналған. Ал ғарышта өз станциясын 2020 жылға дейін салуды көздеп отыр. Сол мезгілге дейін АҚШ-Ресей, Жапония мен еуропалық елдер қолданылып пайдаланып Халықаралық ғарыш станциясының жұмыс мерзімі де бітеді. Егер оның орнын өзге станция ауыстырмаса, Қытай ғарышта тұрақты негізде істейтін жалғыз елге айналады.

http://www.khabar.kz/kaz/world/Kitaj_garish_stancijasin_saluga_kiristi.html