Жаңалықтар

20 қазан 2011

Зымыран тасымалдағыштың үшінші сатысынан штаттық ажыраудан кейін «Бриз-М» ұшыру блогы ViaSat-1 ғарыш аппаратын нысаналы орбитаға шығаруды жалғастыруда.

Бұл туралы Ресей Ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, сәрсенбі, 19 қазан күні мәскеу уақытымен сағат 22.48-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ViaSat-1 ғарыш аппараты мен «Бриз-М» ұшыру блогы бар - «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы зымыран сәтті ұшырылды. 

Ұшыру блогынан ғарыш аппаратының ажырауы 2011 жылдың 20 қазаны күні мәскеу уақытымен 8 сағат 01 минутқа жоспарланып отыр.

http://www.inform.kz/kaz/article/2413192